Кейт Уинслет үшінші перзентін дүниеге әкелді!

Кейт Уинслет үшінші рет ана атанды. 2013 жылы 7 желтоқсанда актриса дүниеге ұл әкелді. Уинслеттің PR-менеджері ана мен бала денсаулығының жақсы екендігін айтты.

 Жаңа туған нәресте — Кейт Уинслет пен оның жұбайы Нед Рокнролдың алғашқы балалары. Айта кетейік, бұл жұп некесін өткен жылы заңдастырды. Бұған дейінгі некеден Уинслеттің ұлы мен қызы өсіп келеді. Қызы Миа 13-те, ал Джо есімді ұлының жасы 10-да. Үшінші сәбидің есімі әзірге белгісіз

Комментариев: 0

Какую интересную игру про семью можно придумать?

у меня скоро лекция на эту тему. Здесь можно показать любовь или ссору супругов, помогите, пожалуйста.

Комментариев: 2

что правильнее пить: зеленый или красный чай?

Комментариев: 13

She songs better than original!

Комментариев: 0

қайда жүрсің, қояным..?

Комментариев: 0

Журналистикадағы көз және тіл ережесі

Журналистикадағыкөз және тіл ережесі

 

     Журналист бұл халықтың көзі мен құлағы. Көп көзді өзіне аудартқан журналисттің іс барысында  қателік жіберуі көрерменнің лезде ықыласын жояды. Мұндай жәйттардың алдын алу мақсатында журналист белгілі бір ережелерді ұстануы тиіс.

             Журналист интервью барысында тіл мен көздің қимыл-әрекеті жайында ұмытпағаны дұрыс. Ең алдымен түсірілім объектісіне тым жақын отыруға болмайды, бұл әрекет респонденттің емін-еркін отырып әңгімелесуіне кедергі жасайды.  Ал екінші жағынан объектіден тым алшақ отыру да дұрыс емес – бұл бағдарламаға сай атмосфераның қалыптасуына тосқауыл келтіреді. Ыңғайлы отырудың барысында өз тәжірибеңізге сүйеніп, ішкі интуицияңызға сенім артыңыз, өйткені екі жақ та еркіндікті сезінуі тиіс.

       Репортер сұхбаттасып жатқан адамының көзіне дұрыс қарай білу керек. Кейде журналисттің бір рет қастың көмегімен жасаған ымы сұхбаттасушының айтылып жатқан тақырыпты одан әрі қарай алып кетуіне(не жалғастыруына)себепші болады. Теледидарда жүргізілетін интервьюда респондент көзімен камераға жалтақтап қарай беруінің мәнісі жоқ, керісінше, ол бар ойын журналистке аударғаны дұрыс. Бұрын соңды интервью беріп көрмеген адамға журналист интервьюдың қалай алынып, қалай жүргізілетінінен хабар беруі тиіс. Егер сұхбаттасушының көзі сізге кездейсоқ түсіп қалған жағдайда оны жылдам дұрыс қабылдап ала біліңіз.


      Радиорепортер өзінің әріптесінің әңгімесін жеңіл бас изеумен және жеңіл күлкімен алып кете алады, алайда тележурналисттің қайта-қайта бас изеуі көрерменнің көңілінен шықпауы ықтимал және бағдарламаға деген қызығушылықты жояды. Сұрақты қойған радиожурналист өз жауабын шыдамдылықпен күтуі тиіс. Респонденттің ойын екі жолда бөліп салу әдепсіздіктің белгісі және журналист өз әріптесінің соңына дейін сөйлеп алуына мүмкіндік беруі тиіс. Бұл әдіс тек тәрбиеліктің көрінісі ғана емес, сондай-ақ еркін әңгіме әуеніне  бастайды. Десек те, тым сөйлемпаз респонденттің де сөзін қысқартып отыру журналист міндеті және мұны жылы жеткізіп, оны бөлгенінің себебін айтуға міндетті. Тыңдай білу қабілетіне ие репортер сұхбаттасушы бір сәтке тынысын алу барысында оның сөзін бөледі.  . 

           Жалпы, оңды-солды сұрақтарды қоя бергеннен бір сәт тыныштық абзал. Журналисттің әріптесіне білдіретін сұрақты көзқарасы, бас изеуі, кідіріссіз сөйлеуі сіз күтпеген жауаптардың айтылуына әкеп соғады.

      Әріптесін ықыласпен тыңдап отырған тәжірибелі журналист әркез қысқа да мазмұнды сөйлемдерді іштей дайындап отырады. Репортердың бұл тапсырмаға қаншалықты дайындықпен келгені маңызды емес, маңыздысы тек камера мен үнжазба тоқтағанда ғана реопртер өзін еркін сезіне алады.
      Әрбір журналист интервьюдің еркін өткенін қалайды, алайда мұндай тәжірибеге жету аса қиын. Репортер де, оның әріптесі де бұл әңгіменің әрбір сөзіне көрерменнің назар салып отырғанын іштей біліп отыруы тиіс. Олай болмаған жағадайда да, яғни әңгіме еркін өтіп жатқан күйде де микрофон мен камера сізге әркез бұл екі достың арасындағы әңгіме еместігін ескертіп отырады. Микрофон кейде ең тәжірибелі деген саясатшыны да сөзден адастыра алады, ал телевизионды студия министрдің де қорқынышын оята алады.

          Журналистикадағы көз және тіл ережесі журналист этикасының бөлінбес бір бұтағы деп санар ем. Қай кезде де өзінің тіл мен көру мүшелерін жылдам игеріп кететін журналисттің тәжірибесі де, көрермен алдындағы абыройы да мол болмақ. Өзінің кемшілігін жеңе алатын журналист маманы алдағы белестерден сүрінбей өтері хақ.

 

 

                                                                                                      

Комментариев: 0

Жить хорошо когда живешь хорошо!

По заданию преподавателя создала этот блог)

Комментариев: 0
накрутка youtube
Арна
Арна
Была на сайте никогда
Родилась: 18 Сентября
Читателей: 3 Опыт: 0 Карма: 1
все 0 Мои друзья